№17 орта мектебінде 18.01.17-20.01.17.аралығында 11 «А», «Б» - сынып
оқушыларымен «Мазасыздық деңгейінің алдын - алу» атты
психологиялық сабақ жүргізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қорытынды емтихан кезінде мазасыздық деңгейімен қалай күресу керек екендігін түсіндіріп,оның алдын–алу.
Сабақтың міндетті:оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтап,оның алдын-алу жолдарын қарастыру.
Оларға психологиялық көмек көрсету.
Сабақтың жоспары: а) «Танысу».
Б) «Кондаш тесті».
В) «Психологиялық кеңес».
Г) «Сергіту сәтті».
Д) Қорытынды.
1. «Танысу».Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып,
бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Назым. Мен – психологпын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!».
2.«Кондаш тесті».Жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтайты.
Мақсаты: оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Әдістемелікте жағдайлардың үш түрі қарастырылады:
1) мектеппен және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайлар
2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары
3) тұлға аралық қатынас жағдайлары
Нұсқау:
Тестің әрбір сөйлемін мұқият оқып жауабын 0,1,2,3,4 цифрларымен белгілейсіз.
0 – жағдай мүлдем жағымсыз көрінбейді (қобалжу жоқ)
1 – аздап қобалжытады
2 – жағымсыз, безетін жағдай
3 – күшті қобалжушылық, мазасыздық, үрей
4 – шеткі жағымсыз жағдай, өте күшті қобалжу, өте күшті үрей
Сұрақтар
1. Тақтаның алдында жауап бергенде
2. Бейтаныс адамның үйіне қонаққа барғанда
3. Жарысқа, сайысқа немесе олимпиадаға қатысқанда
4. Мектеп директорымен сөйлескенде
5. Өзіңнің келешегіңді ойлағанда
6. Мұғалім кімді сұраймын деп сынып журналына қарағанда
7. Сені сынап, сөккенде
8. Бір нәрсе істегенде саған қарап, сені бақылап тұрса
9. Бақылау жұмысын жазғанда
10. Мұғалім бақылау жұмысының бағаларын атағанда
11. Саған назар аудармағанда
12. Сенің қолыңнан келмей жұмысың орындалмағанда
13. Ата-аналарыңды жиналыстан тосқанда
14. Саған сәтсіздік төніп түр
15. Артыңнан біреудің күлгенін естігенде
16. Мектепте емтихан тапсырғанда
17. Белгісіз себептен саған ашуланғанда
18. Көп кісілердің алдында сөз сөйлегенде
19. Алдыңда маңызды ісің тұрғанда
20. Мұғалімнің сабақ түсіндіруін ұқпағанда
21. Сенімен келіспей дауласқанда
22. Өзіңді басқалармен салыстырғанда
23. Сенің қабілеттеріңді тексергенде
24. Саған кішкентай балаға сияқты қарағанда
25. Сабақта мұғалім күтпеген жерден сұрақ қойса
26. Сен жақындағанда басқалары үнсіз қалса
27. Сенің жұмысың бағаланғанда
28. Өз істерің жөнінде ойлағанда
29. Саған маңызды шешім қабылдау қажет болғанда
30. Үй тапсырмасын орындай алмағанда
Тесттің ұпайлар қосындысы мазасыздықтың жеке түрлері және жалпы тест бойынша есептелінеді. Нәтижесі
келесі таблица арқылы жасалынады.
3.«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
4. «Психологиялық кеңес. «Мазасыздану қалай айырылуға болады?».
1.Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері
міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек.
2.қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.
3.Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге-өзіңіз сеніңіз.
4.Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар ендіруге тырысыңыз.
5.Ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген кезде, онын себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі
ықтимал. Оқиғаның мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізді қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз.
6.Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай, уайым-қайғыға беріліп жүресіз.
7.Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйделеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастап өткізгендей сезімге бөленіңіз.Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз!
Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.