Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№17 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №17" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Обырсыз өмір!

Обырсыз өмір!

      Ақпан айының 15-нен 22 аралығында №17 орта мектеп-гимназиясында Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орайластырылған «Обырсыз өмір!» Ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында бірнеше іс-шаралар өтті. Мектепалды даярлық сыныптарында «Денсаулық туралы» әңгіме оқылып, қойылымдар қойылды. 1-4 сыныптар арасында «Денсаулық және менің отбасым» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

     5-8 сыныптар арасында «Барлығы өз қолымызда!» атты тақырыпта қабырға газеттер көрмесі ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылар арасында «Қатерлі ісік ауруына қарсы тұра аламыз!»тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Осы өткізілген іс-шаралардың мақсаты салауатты өмір салтын қолдау және онкологиялық аурулардың алдын алу.


Текст