КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ГИМНАЗИЯ № 17 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде есеп беру туралы хабарлама

Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!

Мектебімізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сай, тегін негізде жүзеге асырылады.

 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау
  • Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарының саяжай және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз етуге құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
  • Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог кадрларына және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау
  • Білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау

 

Есеп беру күні мен  уақыты:

26.02.2026 жыл
Сағат 10:00–11.00

Қосымша ақпарат алу үшін мектептің қабылдау бөліміне хабарласуыңызға болады.  Байланыс телефоны:42-39-28

Құрметпен, Мектеп әкімшілігі!


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст