«Алтын белгі» иегерлері

«Алтын белгі» иегері атанып, мемлекеттік грантқа ие болуларыңмен шын жүректен құттықтаймыз!

Коспанова Аружан - «Алтын белгі» иегері, грант, Алматы қаласындағы Қазақ- Америка университеті. Лянной Роман – «Алтын белгі» иегері, грант. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.

Бұл — сендердің жылдар бойғы тынымсыз еңбектеріңнің, табандылықтарыңның, ізденістеріңнің және білімге деген құштарлықтарыңның жемісі. Жоғары жетістіктеріңмен ата-аналарыңды, ұстаздарыңды және мектебіңді үлкен қуанышқа бөледіңдер.

Алдағы студенттік өмірлеріңе сәттілік тілейміз! Таңдаған мамандықтарыңды жоғары деңгейде меңгеріп, елге қызмет ететін білікті маман болыңдар! Армандарың орындалып, әр қадамдарың жеңіске бастасын!

«Алтын белгі» — білімге деген талпыныстарыңның белгісі, ал мемлекеттік грант — жарқын болашаққа бастар жол болсын!

Биік белестерді бағындыра беріңдер!