Үздік аттестат иегерлері

Мектебіміздің үздік аттестат иегерлерін мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — сіздердің бірнеше жыл бойы төккен еңбектеріңіз бен ізденістеріңіздің, білімге деген құштарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыздың жемісі. Үздік аттестатпен қатар, білім алуға берілген грант — жарқын болашаққа бастар үлкен қадам!

Сіздерге таңдаған мамандықтарыңыз бойынша биік белестерді бағындырып, білікті маман атануларыңызға тілектеспіз. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын, болашақтарыңыз жарқын болсын!

Ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, мектебіміздің мерейін биіктете беріңіздер!