Жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушілікті алдын алу
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №17 ОМГ 8-10 сынып оқушылары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Кездесуге Көкшетау қаласының «Право» орталығының заңгері Шаймерденов Д.Р және психологы Махомет О.В , қалалық №1 емхана психологы Кашкарова И.Г, мектеп медбикелері, мектеп педагог-психологы, жасөспірімдер инспекторы қатысып, кәмелетке толмағандар тәрбиесі жайлы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы жасөспірімдер инспекторы Оразбаева Б.Ж қыз балаларға дәріс оқыды. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.
2019 жылдың 22 ақпан күні №11 ОМГ оқушылары мен жетекшілердің ұйымдастырылуымен В.Распутинаның әңгіме желісі бойынша «Женский разговор» атты тақырыпта қыздарға театрланған көрініс көрсетілді. Бұл көрсетілімде, жақын адамдар арасындағы өзара түсіністік пен махаббат арқылы отбасылық құндылықтарды сақтау тақырыбы қозғалды.