КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ГИМНАЗИЯ № 17 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дені сау болу – сәнді

 «Дені сау болу – сәнді!» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын ұстану арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау мен нығайту, адамдарға өзінің және отбасының денсаулық пайдасына таңдау жасау мен шешім қабылдауға көмектесу, денсаулық сақтау мәселесі жөнінде халықтың, қоғам пен медицина қызметкерлерінің ақпарат алуын көтеру, республиканың барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ететін әлеуметтік бағыттағы кешенді медициналық көмекті дамыту мәселелері  (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС), Ұлттық скринингтік бағдарламаның қызмет етуі бойынша хабардар болуын арттыру болып табылады. 

 Осы мақсат-міндеттерді ескере отырып, №17 орта мектеп-гимназиясында «Дені сау болу - бұл сәнді» тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндік аясында мұғалімдер оқушылармен түрлі іс-шаралар өткізді.

Атап айтсақ, 8.04.2019 0- сыныптар «Денсаулық үшін дәрумендер» атты әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында оқушыларға дәрумендердің пайдасы жайында айтылды. Дәрумендер туралы қызықты бейне-баяндар көрсетті.  Ал 1-сынып оқушыларымен «Иә немесе жоқ» тақырыбында дидактикалық ойыны өткізілді. Дидактикалық ойында оқушыларға әр-түрлі сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар орындалды. Өз кезегінде 2-сынып оқушылары арасында «Сау болу- сәнді» эстафетасы болды. Оқушылар спорт залында эстафеталық ойындар ойнады. Сыныптар арасында өткізілген бұл іс-шара көңілді әрі әсерлі өтті. 3-сыныптарды алатын болсақ, олар «Дені саудың –жаны сау » тақырыбында флешмоб биледі. Флешмобқа барлық 3 сыныптар қатысты. Оқушылар сабақтың алдында жақсы күш-қуат алып, көңілденді. Ал 4-5 сынып оқушыларымен №1 Қалалық емхана психологі Кашкарова И.Г. «Дұрыс тамақтануды насихаттау»  тақырыбында дәріс берді. Дәріс беру барысында тренинг-ойындар өткізді. Сонымен қатар 6-сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында эссе жазды. Эсседен оқушыларымыздың пайдалы және зиянды тағамдардың аражігін ажырата білетіндігі көруге болады. 7-сынып оқушылары «Дұрыс тамақтану» тақырыбында плакаттар көрмесін ұйымдастырды. Салған плакаттар арқылы мектеп оқушыларына пайдалы кеңестер алуға мүмкіндік туғызды. Пайдалы және зиянды тағамдармен қатар, адам ағзасына кез-келген тұзды тағамдардың зияны бар екені белгілі. Сол себептен 8-сынып оқушыларына «Тұздың аздығы-өмірге жақсы» мазмұндамалар жазып, білімдерін кеңейтті. 9-11 сынып оқушылары «Дені сау болу-сәнді» тақырыбында тест алынып, қорытындысы жасалды. Ал ата-аналарымызға «Балаңыздың дұрыс тамақтануы» тақырыбында таратпалар берілді.

Онкүндік барысында оқушылар әр іс-шараға белсенді қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға білімдерін жетілдірді.

Барлық қатысқан оқушылар саны: 2060.

Жаңартылған күні: 16.04.2019 17:49
Құрылған күні: 10.02.2022 18:54

Текст