11 «А,Б» сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған педагогикалық кеңес өткізілді.
2026 жылдың қаңтар айының 19-ы күні № 17 мектеп - гимназиясында мемлекеттік тілде білім алып жатқан 11 «А,Б» сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің қорытынды аттестация мен ұлттық бірыңғай тестілеу кешенінің жүргізілу ережесі мен тәртібі таныстырылды. Қорытынды аттестация мен ҰБТ — білім алушылардың мектепте алған білімін жүйелеп, бағалайтын маңызды кезең. Қорытынды аттестация оқушының белгілі бір оқу деңгейін меңгергенін анықтауға бағытталады. Ал ҰБТ түлектердің жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік беретін негізгі емтихан болып саналады. Бұл сынақтар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өз бетінше дайындалуына ықпал етеді. ҰБТ нәтижесі арқылы талапкердің білім деңгейі мен қабілеті әділ бағаланады. Сондықтан қорытынды аттестация мен ҰБТ-ға дайындықты ерте бастап, жүйелі түрде жүргізу өте маңызды шаралардың бірі екендігі сөз етілді.


