
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Бұл сайт – білім мен тәрбие жолындағы ортақ мақсатымызды біріктіретін ақпараттық алаң. Мұнда сіздер мектеп өміріндегі жаңалықтармен, жетістіктермен, оқу-тәрбие жұмыстарының барысымен, маңызды хабарландырулармен таныса аласыздар.
Ұстаздар қауымына — шығармашылық табыс, кәсіби жетістік пен шабыт тілейміз. Сіздердің еңбектеріңіз — жас ұрпақтың жарқын болашағының негізі.
Қымбатты оқушылар! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, әр күн жаңа мүмкіндік пен жетістікке толы болсын. Мектеп — армандарға бастар алғашқы қадам.
Құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесі мен сапалы білім беру жолындағы қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бірлесе атқарған жұмысымыз ғана нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз — заман талабына сай білімді, тәрбиелі, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптастыру.
Мектебіміздің тыныс-тіршілігімен бірге болып, белсенді қатысуларыңызға әрдайым қуаныштымыз!
Құрметпен, № 17 мектеп –гимназиясының мектеп басшысы Бактыбаева Гульзат Оразбаевна!