4-маусым Қазастан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Бүгінде №17 орта мектеп-гимназиясының мектепішілік «Балақай» лагерінде бірқатар іс-шаралар өтті. Бұл күнді оқушылар мерекелік бағдарламамен қарсы алды. Бұл іс-шараның басты мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.Тәлімгерлер «Мен қазақпын» өлеңіне флешмоб биін биледі. Бағдарлама барысында мемлекеттік рәміздер жайында викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар ән айтып, би биледі. Мемлекеттік рәміздердің суреттерін салып, әр топ жұмыстарын қорғады. Ал, топ ішінде тәрбиешілер мен тәлімгерлер іс-шаралар өткізді. Бағдарлама соңында әр топ мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің қаншалықты екенін маңыздылығын білді.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті.


