"Балақай" мектепшілік алаңның ашылу салтанаты.

1 маусым - Балаларды қорғау күнін əрбір бала асыға күтеді. Бұл мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке. Өміріміздің гүлі  балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған кеш үлкен-кішіге қуаныш пен жақсы көңіл-күй, ұмытылмас сəттер сыйлады. Бүгінде №17 орта орта мектеп-гимназиясында 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі тойланды. Жиынымыздың басты мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.Бүгінгі мейрамда балалар мектеп алаңында би билеп, ән шырқады.  Таңертең оқушылар мейрамды флешмоб биімен бастады. Мектепішілік лагерьдің ашылу салтанаты болды. Концерттік бағдарламада оқушылар ойындар ойнады. Салтанатты жиыннан кейін балалар төрт станцияға бөлінді. Балалар «Әлем балалар көзімен» тақырыбында асфальтқа сурет салды. Спорт залында «Көңілді старт» өткізілді. Ал келесі станцияда театрландырылған қойылым қойылды. Балалар өздері актер болып, «Шалқан» ертегісін қойды. Сонымен қатар «Ертегілер әлеміне саяхат» атты викторина өткізілді. 
Жас балапандар – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі бүлдіршіндер ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздің иесі. Тəуелсіз мемлекетіміз осылар арқылы гүлденеді, осылардың жан-жақты тəрбие, сапалы білім алып өсуі арқылы кемелденеді. «Қадамдарына гүл бітіп, талаптарына нұр жаусын» дегіміз келеді.