КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ГИМНАЗИЯ № 17 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ботай-Бурабай" – ашық аспан астындағы мұражайына саяхат

      "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражай "Рухани жаңғыру" бағдарламасынын жүзеге асыру және Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында ашылған. Тарихтың бір парасында өркениеттің ошағы болған – Ботай қонысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Осы күні бұл өңір, тек өзіміздің ғана емес, бүкіл әлем тарихына белгілі болып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «әлемнің жеті кереметі» деген секілді, қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін атап көрсетті. «Жеті қырдың» алғашқысы атқа міну мәдениетіне арналуы заңды да. Себебі, өзін көшпенділердің тікелей ұрпағымыз дейтін қазақ баласы үшін атқа мініп, ысқырып жылқы айдап, көпіртіп қымыз сапырып, қиялай кесіп қазы жеуден рақат дүние жоқ.

Осыған орай  №17 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары «Ботай-Бурабай» - ашық аспан астындағы мұражайына экскурсияға барды.

Бұл экскурсияның басты мақсаты-"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, оқушыларға өткен тарихымызды білуге, туған жерге жерге деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады.

Экскурсия барысында біздің мектептің 5-8 сынып оқушыларына «Круиз» туристік фирмасының гиді Антипова Вероника Андреевна оқушыларымызға ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» мұражайында тарихымызға байланысты көптеген мәліметтер берді. Мұражайда қойылған экспонаттар, жәдігерлерді көзбен көріп, б.з.д. 5-3 мыңжылдық неолит заманына  бір сәтте сол дәуірде болғандай әсер алды. 

  Оқушыларымыз бұл экскурсиядан кейін арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беріп,  5 оқушымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жаңартылған күні: 30.04.2019 17:39
Құрылған күні: 30.04.2019 17:41

Текст