Кәсіби бағдар беру туралы ақпарат №17 ОМГ 2019-2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылында 9-сыныпта -131 түлек, ал 11-сыныпта -53 түлек бар.
Кәсіптік бағдар беруге байланысты кабинет саны - 1
Кәсіптік бағдар беру бойынша қабырға бұрышы саны - 11
Кәсіби бағдар беру формалары: дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер, кеңестер, экскурсиялар, виртуалды экскурсиялар, онлайн-сауалнамалар, университеттер мен колледждер өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесулер, сынып сағаттар.
Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс түрлері: ата-аналармен кездесулер, консультациялар, балалармен бірлескен экскурсиялар, ата-аналардың шақыруымен сынып сағаттары, әлеуметтік-психологиялық қызметтің кеңестері.
Өткізілген отырыстар саны: 15
Қалалық кәсіпорындары мен колледждеріне экскурсиялар саны: 5, оның ішінде виртуалды экскурсиялар - 7.
Кәсіптік зерттеулер бойынша:
Тестілеулер - 2 түрлі (Мамандық таңдау матрицасы, Йовайши кәсіпті таңдау тестісі)
Анкеталар саны- 10
Ата-аналармен әңгімелесу отырыстарының саны - 10
Студенттермен әңгімелесу, кездесу саны - 24
«Өмір жолын таңдау» тренингі - 12
Кәсіби бағдар беру жұмысы үшін оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес сынып жетекшілері келесі іс-шарларды өткізді:
9 «А» сыныбы - сынып жетекшісі Ислямова А.Б.
«Мамандық түрі көп, таңдап талғап бірін ал» атты тақырыпта дөңгелек үстел.Мамандық таңдау бойынша ата-аналар жиналысы және жиналыста слайд, презентациялар көрсетілді. Оқушыларға сауалнамалар өткізіп, кәсіптік бағдарға байлансыты буклеттер көрсетілді.
9 «В» сыныбы - сынып жетекшісі Сантасова Б.Б.
Бұл сыныпта «Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл» атты тақырыпта сынып сағаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналар жиналысында кәсіптік бағдар беру тақырыптарында таратпалар көрсетіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
9 «В» сыныбы - сынып жетекшісі Кайбагарова Р.М.
«Мен өз жолымды таңдаймын» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мамандық таңдау бойынша ата-аналар жиналысы өткізіліп, буклеттер, слайдтар көрсетілді. Оқушылар «Өз тағдырыңды жаз»тақырыбында эссе жазды.
9 «Г» сыныбы - сынып жетекшісі Утеубаева А.У.
«Мамандықты таңдау -менің қолымда» атты тақырыпта сынып сағаты ұйымдастырылды. Кәсіптік бағдар бойынша ата-аналар жиналысы, буклеттер, мектеп түлектерінің сынып оқушыларымен кездесуі, мамандық пен оқу орындарын таңдау туралы әңгіме жүргізілді.
9 «Д» сынып – сынып жетекшісі Ерназарова Е.Т.
«Мен өз жолымды таңдаймын» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мамандық таңдау бойынша ата-аналар жиналысы, буклеттер, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар «Таңдауым өз қолымда» атты тақырыпта эссе жазды.
10 «А» сынып - сынып жетекшісі Жамантаева А.М.
«Мамандығым - матанышым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ата-аналар жиналысында «Кәсіби таңдаудағы қызығушылықтар мен бейімділіктері» тақырыбында баяндама оқылды. «Темперамент және кәсіпті таңдау» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Әдеби кітаптармен жұмыс (жаңа мамандықтардың лексикасы) .Мамандық таңдау бойынша интернет-ресурстармен жұмыс жүргізілді.
10 «Б» сынып - сынып жетекшісі Шакенова С.А.
«Кәсіп деген не және оны қалай таңдауға болады?»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мамандықты таңдау бойынша ата-аналар жиналысында баяндамалар оқылды.
10 «В» сынып - сынып жетекшісі Мухиденова Б.Т.
«Мамандықтар әлемі» тақырыбныда сынып сағаттары өтті. Мамандық таңдау бойынша ата-аналар жиналысында слайд, презентациялар көрсетілді. Оқушыларға мамандық таңдау бойынша сауалнамалар жүргізілді.
11 «А» сынып - сынып жетекшісі Мусайф Гүлжанат.
«Менің мамандығым»тақырыбында сынып сағаты өтті.
Ата-аналар жиналысында «Олар мені түсінген кездегі бақыт» тақырыбында баяндама оқылды. Кәсіби бағдарлау бойынша оқушылардан диктант алынды.
11 «В» сынып - сынып жетекшісі Касымова Г.О.
«Менің бағытым және оны қалай таңдауға болады?» тақырыбында пікі-алмасты. Мамандық таңдау бойынша ата-аналар жиналысында «Кәсіби таңдаудағы қызығушылықтар мен бейімділіктер» әңгімелері жүргізілді. «Темперамент және кәсіпті таңдау» сауалнама жүргізілді. Оқушылар кәсіби бағыттағы әдебиеттермен танысты. (жаңа мамандықтардың лексикасы) Мамандық таңдауда интернет-ресурстармен жұмыс жүргізілді.
Бірінші жартыжылдықта мұғалімдер Теміржол мұражайына, Көкшетауминводы кәсіпорнына, ІІД мұражайына, дәріханаларға, ауруханаларға және шаштараз салондарына экскурсия ұйымдастырды.
Мектебіміздің негізінде кәсіптік бағдарлауға арналған Шебер жобасы жұмыс істейді. Жоба жетекшісі Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Қамқорлық кеңесінің төрайымы Койшина Д.К. 9-11 сынып оқушыларының кәсіптік бағдар беруі бойынша арнайы кездесулер ұйымдастырып, әртүрлі салада жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерді шақыртып, пікір алмастырды, тәжиірбелерімен бөлісті.
Мектеп психологтары Шиманчук С.В. және Амангелдина А.А. 9,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлауды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді, кәсіптік бағдар беруі оқушылар үшін проблемаларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сондай-ақ, мұғалімдер, мектеп психологтары үшін «Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын зерттеу» тақырыбында оқушының жеке басын зерттеу бойынша кәсіби кеңестер ұйымдастырылды; «Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін зерттеу»; «Түлектердің кәсіби ниеттері мен жоспарларын зерттеу» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.
