Көкшетау қаласы білім бөлімінің КММ «№ 17 орта мектеп -гимназиясы» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2018 жылғы есебі
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Біріңғай тізілімді құрайды.
2018 жылғы 1 қаңтардағы Тіреу жағдайы бойынша № 17 ОМГ мемлекеттік 6 қызметті қамтиды:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
- «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
- «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
Өткен 2018 жыл кезеңінде барлығы – 513 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Қағаз түрінде – 492, электронды түрде - 21
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 334
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»-8
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»- 119
- «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»- 34 (қағаз түрінде - 13, мемлекеттік корпорация – 21)
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»-11
- «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» -7
Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойыша шағымдар түскен жоқ.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мектеп сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғалар жөнінде бұйрық орналастырылған. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектептің фойесінде орналастырылған.
Ай сайын Көкшетау қаласаның білім бөліміне 6 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылып отырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.