Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№17 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №17" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көрме

24.10.2025

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл көрмеде ұлы ойшылдың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын еңбектер, Абайдың қара сөздері, өлеңдері, сондай-ақ зерттеушілер еңбектері мен әдеби туындылар ұсынылды.

Көрменің басты мақсаты – жас ұрпақты Абайдың асыл ойларымен сусындату, оның шығармаларын насихаттау және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Абай Құнанбайұлы – халқымыздың рухани қазынасын байытқан ұлы тұлға. Оның «Толық адам» ілімі, даналыққа толы қара сөздері мен өлеңдері – бүгінгі күннің де бағдаршамы, ұрпақ үшін сарқылмас қазына.
📖 Осындай шаралар арқылы біз жас буынға Абайдың ұлы мұрасын жақындатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді жалғастырамыз.


Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст