Ағымдағы жылдың он бесінші қараша күні № 17 мектеп –гимназиясында «Елім деп соққан жүрегім» тақырыбында орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының мақсаты: оқушылардың тіл сауаттылығымен қатар сыни-ойлау қабілетіне, жан-жақты сауаттылығына және өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жиын барысында ҚР гимні орындалып, мектеп директоры Р.С. Хасенова ұстаздар қауымы мен оқушыларды апталықтың салтанатты ашылуымен құттықтап,Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екенін атап, қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасын тануға шақырды. Оқушылар тарапынан Тәуелсіздік, Отан, Тіл туралы өлеңдер оқып, әндер тыңдалды. Жиын соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдыбаева Д.А. оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырып, оқушыларды іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.