Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау Каласы, Жоғары Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший Колледж, Город Кокшетау" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.11.2018

№17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары 21 қараша күні  «Ертегілер еліне саяхат» атты қалалық байқауға қатысты. Бұл байқаудың мақсаты оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оқу сауаттылығына баулу, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін дамыту. Байқауға мынадай талаптар қойылды: сахнаны безендіру, образды шебер сомдау, сахна мәдениеті. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 5-8 сыныптардың өзге ұлт өкілдері қатысты. Біздің мектептің 8 «Д» сынып оқушылары Байрамов И., Руфуллаева М., Чичеров Д., Бораншина Д. осы байқауға «Көне домбыра» атты қазақ ертегісін сахналады. Қойылым барысында оқушыларымыз Алдар Көсе,  бай, кедей әйел рөлдерін шебер сомдады. Іс-шараға қаланың  жиырмадан астам мектептері қатысып, біздің мектептің оқушылары І орынға ие болды. Дайындаған  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шекербаева Ш.Б.

Просмотров: 831


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст