Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау Каласы, Жоғары Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший Колледж, Город Кокшетау" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.02.2018

Ақпан айының 5-9 аралығында шетел тілдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті. Алғашқы күні ашылу салтанаты қарсаңында мектепішілік «Евровидение - 2018» ән байқауы өтті. Сайыстың мақсаты оқушылар ағылшын тілінде ән айту. Байқауға бес оқушы қатысып, көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде онкүндіктің жабылу салтанатында марапатталды. Жүлдегерлер: 1 орын 5 д сынып оқушысы Жанбырбай Алим, 2 орын 6 а сынып оқушысы Жакупова Аружан, 3 орынды 7 е сынып оқушылары Руфуллаева Минара мен Байрамов Ильхам иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Онкүндік барысында барлық мұғалімдер ашық сабақтар мен сабақтан іс-шаралар өткізді. 7 ақпан күні Зияда Хамидуллақызы 5 а сыныбында «Reading for Pleasure» тақырыбында ашық сабақ берді. Айдана Ерболовна «Magic English» тақырыбында 2 а сынып оқушыларымен сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақтарға оқу ісінің меңгерушілері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысып, оң бағасын алды.

8 ақпан күні Ескендір М. А. 4 е сыныбымен «Great Britain»тақырыбында ашық сабақ және Айгуль Аманжоловна  9 б сыныбында «My own game» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Екі мұғалім де сабақтарында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушылардың қызығушылығын оята алды. Осы күні 2-9 сынып оқушылары арасында тақпақшылар сайысы өтті. Оқушылар танымал ағылшын ақындарының өлеңдерін, тіпті Шекспирдің сонеттерін оқыды. Сайысқа барлығы 26 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орынға ие болды. 1 орынды 3 б сынып оқушысы Мұқан Аружан мен 5 а сынып оқушысы Сулейменова Айганым иеленді.

9 ақпан күні Шахматова А.С., Алимова Ж. М., Баймурзина А. А. сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Онкүндікте өткен барлық сабақтар жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ онкүндік қарсаңында Исаева Римма Ербулатовна 6 г сыныбында Lesson Study өткізді. Сабақ барысында А, В, С деңгейіндегі оқушылар зерттелді.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст