Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асыру аясында 2017 жылы 14-15 қазан күндері экология және орман шаруашылығы колледжінің базасында Ақмола облысының білім
басқармасымен жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистерінің VIII ашық облыстық форумы өткізді.
Аталған Форум – «Өлкетану» бағытының «Табиғат бесігі» жобасы шарларының бірі.
Форум мақсаты мен міндеттері:
• тәжірибелік қызметінің жүйесінде өз өлкенің табиғи мұрасын сақтау мен зерттеу балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін тәрбиелеу бойынша білім беру ұйымдарының;
• азаматтық жауапкершілігі мен патриотизм сезімін дамытуға;
• орман өртерін алдын-алу.
Ашық облыстық форумда Ақмола облысының - Акқөл, Атбасар, Аршалы,Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары, Көкшетау мен Степногорск қалаларының және Қарағанды облысының 129 қатысушы қамтыған барлығы 20 команда қатысты.
Жеке және ұжымдық жұмыстары келесі номинациялар бойынша бағаланды:
1. «Сәлемдесу - команданың визит карточкасы» және «Ормандарды өрттен сақтайық» тақырыбында
үгіт бригада командалық байқау;
2. «Орман көпсайысы» - командалық эстафета;
3. «Ботаника», «Дендрология», «Лесоводство», «Экология» номинациялары бойынша ой-талқы;
4. «Природа-бесценный дар, один на всех», «Необычный природный объект-памятник живой природы», «Вот моя деревня, вот мой дом родной» мини-очерктармен фото-байқау;
5. «Ландшафт дизайны» номинация бойынша «ЭКСПО-2017» арналған «Зеленая планета» шығармашылық жұмыстарының көрме-байқауы;
6. «Жасыл экономика» («ЭКСПО-2017» шенберінде), «Денсаулық және қоршаған орта», «Туған өлкені зерттейміз» номинациялар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы;
7. «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест;
8. «Қазақстан Республикасында тұратын халықтың салттары мен ырымдары» байқауы;
9. «Халық ойындары ұсыну және сипаттау» байқауы;
10. Мектеп орманшылықтар, экологиялық мен өлкетану бірлестіктері қызметінің фото-шежіресі мен ақпараттық шығармашылық есеп.
Форумның қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Көкшетау қ. №17 ОМГ «Жас қанат» иеленді:
«Үздік визит карточкасы»
3 орын – Көкшетау қ. №17 ОМГ
«Ландшафт дизайны»
1 орын – Көкшетау қ. №17 ОМГ
«Табиғаттың жас білгірлері»
1 орын - Көкшетау қ. №17 ОМГ
«Үздік дәстүр»
2 орын – Көкшетау қ. №17 ОМГ
Жалпы командалық есепте Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды:
2 орын - Көкшетау қ. №17 ОМГ;
Жүлделі орынға ие болған балалар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Слетқа қатысушы балалар үшін өңірдің жетекші өлкетанушы-экологтары шеберлік кластар өткізді. Қатысушылар «Өз
планетаңды сақта, өзгесі жоқ басқа!» танымдық экологиялық марафонында Қазақстанның қорғауға алынған аумақтары, өсімдіктері, жануарлары жайлы өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Берілген шара өлкетану, экология және қоршаған орта, саласында әлеуметтік-практикалық қызмет пен энергия үнемдеу мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жұмысына қызығушылықтары бар оқушыларды қолдауға; республикадағы балалардың әлеуметтік-практикалық бірлестіктерінің экологиялық және өлкетанымдық қызметін белсендіруге; жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Барлықтарына үздік оқу жылы мен
шығармашылық табыстар тілейміз!