Текст
Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясы
1 наурыз –Алғыс айту күні аясында
өткізілген іс – шаралар
туралы мәлімет
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елімізде 1 наурыз алғыс айту күні болып жарияланды. Бұдан былай елімізде жыл сайын осынау күн айтулы мерекелердің бірі болып, аталып өтетін болды. Осыған орай «Мың алғыс!» тақырыбы аясында бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ата –әжелерімізге концерт өткізілді.
Жас бүлдіршіндер ата-әжелеріне алғыс білдіріп, ән айтып,би билеп өнерлерін ортаға салды. Концерт соңында оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ата-әжелеріне ұсынды. Қариялар ұстаздарға, жас бүлдіршіндерге өз
ризашылықтарын білдірді.