Мектеп асханасын тексеру

2020 жылдың 31 қаңтарында №17 ОМГ тамақ сапасын бақылау жөніндегі комиссия мектеп асханасын тексерді.

Комиссия мүшелері: қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.К. Койшина, директордың оқу - тәрбие жөніндегі орынбасары Т.Т. Сағындыкова, мектептін медицина қызметкерлері Т.Б. Беньковская және С.Ж. Байгереева, әлеуметтік педагог Н.Р. Касымжанова тамақ өнімдерін ұйымдастыруға, пісірілген тағамның сапасына, мәзірдің сәйкестігіне, тағамға сертификаттардың болуына, асхананың санитарлық жағдайын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша мектеп асханасының жұмысын жақсарту сияқты ұсыныстар жасалды.

Дұрыс және теңгерімді тамақтану - қазақстандықтардың жас ұрпақтарының денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды шарттарының бірі.

Ұлт денсаулығы - мемлекеттің басты байлығы.