Ақпанның 3 күні 2022 жылы Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты 10 күндік жоспарына сай 1 «В» сыныбында Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жүргізу барысында дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашып, оқушыларға қарым – қатынас жасау әліппесі туралы түсінік бердім.Ізгілік, сыйластық қасиеттерін дамытып, қамқорлық жасауға ұғым қалыптастырдым.
Оқушылар ережені естеріне түсіріп, сыныптың тәртібін сақтауға, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатуға, тазалықты сақтауға, татулыққа үйренді.
Сұрақтардың көмегімен оқушылар ізгілік, қамқорлық, сыйластық ұғымдарын түсініп, дәйексөздің мағынасын аша білді. Балалар әңгімені мұқият тыңдағаннан кейін,қойған сұрақтарына жауап бере отырып басқа ұлт өкілдерімен жақсы қарым – қатынаста болуын, әрбір адамның парызы екені туралы ойланды. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып бойларына әдептілік, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін сіңірді. Барлық адамдарға алғыс айтуды, ризашылық білдіруді үйренді.
Тюлемесова А.У.