Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау Каласы, Жоғары Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший Колледж, Город Кокшетау" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде Наурыз мейрамы тойланды

03.04.2019

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі №17 орта мектеп-гимназиясында аталып өтті. Мектебіміздің бірінші қабатында  ұлттық бұйымдарға байланысты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекеттік деңгейде аталып отырған мерекенің негізгі мақсаты:оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен  бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.

Бастауыш сыныптарда «Әз-Наурыз» атты тақырыпта  тәрбие сағаттары ата-аналардың қатысуымен өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың салт- дәстүрлерін көрсетіп, мерекелік дастархан жайып, қазақтың халық әндерін орындады.

5-11 сынып оқушылары  қазақтың көне салт-дәстүрлерін дәріптеді. Атай кететін болсақ: «Ақшомшы»,  «Босаға майлау», «Тоқымқағар», «Ұзынсары» сияқты салт-дәстүрлер. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне байланысты көріністерде ұстаздарымыз да өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында мерекелік дастархан жайылып, әндер тыңдалды.  Мереке соңында оқушыларымыз дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген қазақтың  «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Аударыспақ», «Асық» сияқты қазақтың ұлттық ойындарына  белсене қатысты.

Просмотров: 766


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст